Еңбек дауларын енді сотқа жеткізбей шешуге болады. Шымкентте кәсіподақтар орталығы жанынан татуластыру орталығы ашылды, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агентті otyrar.kz порталына сілтеме жасап.
Кабинеттің қызметі еңбек жанжалдарын сотқа жүгінбей-ақ шешуге бағытталған. Татуластыру орталығында медиаторлар қызмет көрсетеді.
«Дауларды бейбіт түрде шешу және қоғамдағы даулардың деңгейін төмендету және басқа да дауларды татуласу тәртібімен шешу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған біріккен іс-әрекеттер қабылдау мақсатында облыстық сот және Кәсіподақтар орталығы татуласу орталығын ашуға шешім қабылдады. Кәсіподақтар орталығының ғимаратында медиация кабинетінің ашылуы азаматтар үшін ыңғайлы орында әрбір қызметкерге медиация туралы кеңес алуға мүмкіндік береді», — дейді облыстық кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов.
Айта кетейік, 2011 жылдың 28 қаңтарында ҚР-ның «Медиация» туралы Заңы қабылданды. Биылғы жылдың алғашқы жартысында татуластыру рәсімдерімен Шымкент қаласында — 442 азаматтық іс аяқталған. Оның ішінде медиациямен 119 іс, сот медиациясымен — 268, бітімгершілікпен — 38 іс біткен.
Шымкентте кәсіподақтар орталығы жанынан татуластыру орталығы ашылды
Кабинеттің қызметі еңбек жанжалдарын сотқа жүгінбей-ақ шешуге бағытталған. Татуластыру орталығында медиаторлар қызмет көрсетеді.