Салтанатты жиынға партия филиалының басшылығы, партия жəне партияның Саяси бюро мүшелері, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты жиында Конституцияның мемлекет құрылымындағы саяси маңызы туралы баяндамалар оқылды. Бұған қоса партияның бірқатар мүшелері марапатталды.
Нақты айтқанда «Нұр Отан» партиясы мен қоғамның дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен мүшелері, партия филиалдарында іс тәжірибеден өтіп жатқан жас мамандар марапатталды. Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов еңбегі еленген азаматтарды Алғыс хаттармен марапаттады.
«Азаматтығымыздың айшықты айғағы болған Ата Заң — Тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы. Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн — халқымыз үшін аса қастерлі, ең ұлық мереке», деді партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов.
«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІН АТАП ӨТТІ
20 мыңнан астам мүшесі бар «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалы 30 тамыз - Конституция күні мерекесін ерекше ықыласпен қарсы алды, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап