Шымкенттегі ірі жобалар қатарында А2 айналма жолы мен Қонаев даңғылының жалғасы бар. Алматы-Ташкент бағытындағы транзиттік жол қайта жаңғырса, ал даңғыл арқылы қаланың солтүстігі мен оңтүстігі байланысады. Сондай-ақ, оңтүстік көршімізбен іскерлік байланысты нығайтып, туризмді дамыту үшін «Шымкент-Ташкент» бағытындағы теміржол экпрессінің құрылысы жоспарланған. Бұл жоба бойынша Шымкент пен көршілес Ташкент қаласының арасында шойынжолмен небәрі жарты сағатта жетуге болады.
Кәсіпкерлік тұрғысынан айтар болсақ, қалада «Оңтүстік» және «Тассай» индустриялды және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтары бар. Аталған аймақтарға 58,5 млрд теңге инвестиция салынып, 66 кәсіпорын іске қосылды, 4 890 жұмыс орны ашылды. 2018 жылдың соңына дейін осы аймақтарға 38,3 млрд теңге инвестиция салып, 2 047 жұмыс орны бар 14 кәсіпорын ашу жоспарланған.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу бойынша агро-өнеркәсіпті дамыту үшін 136 гектарға АГРО – индустриалдық аймақ құру жоспарланып отыр. Онда сауда-логистикалық орталық, қоймалар, көкөніс сақтау қоймалары, автовокзал, бизнес-орталық және қонақ үй орналасатын болады. Шымкентте өткен жиында аталған жобаны Үкімет басшысы Бақытжан
Сағынтаев қолдап, көмек көрсетілетінін айтты.