ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ ӘН РЕСЕЙДІҢ ТНТ АРНАСЫНДА ШЫРҚАЛДЫ

Adym.kz   «Шымкенттік әнші Назима Жәнібекова Ресейде Тиматидің шоуына қатысып жатыр». Бұл туралы телеарнаның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Назима Жәнібекова Ресейде Тиматидің шоуына қатысып жатыр. Қазақстандық Назима Жәнібекова мен ресейлік рэпер Скруджидің әні ТНТ арнасындағы музыкалық жобада үздік атанды. Жобаның кезекті кезеңінде Назима ресейлік рэпермен бірге Real One атты туындыны шырқаған. Ән мәтінінде Шымкент қаласы туралы айтылады. YouTube желісінде Назима мен Скруджидің өнерін 2,5 миллионға жуық жан тамашалаған. Айта кетейік, Назима Жәнібекова Ресейде Тиматидің шоуына қатысып жатыр.
Ресейлік «Песня» сайысында өз талантымен көзге түскен жерлесіміз Назима Жәнібекова туған жеріне келді. Фанаттарымен жүздесіп, қолтаңба берген ол хит әндерін орындап, табынушыларымен бірге суретке де түсті. «Шымкент менің өз үйім»- деп ағынан жарылған әнші қараша айында жеке концертін беруді жоспарлап жүргенін жасырмады.
«Black Star» музыкалық лейблының әншісі Назима – қалың көпшілікке ресейлік «Песня» жобасы арқылы танылды. Жоба жетекшілерінің бірі Тиматидің көзіне түскен шымкенттік ару – «Black Star» продюсерлік орталығымен келісім шарт жасасқан болатын. Содан бері түрлі концерттік турларда өнер көрсетіп, тек Қазақстан емес бүкіл ТМД аумағында танымалдылыққа қол жеткізді. Бүгінде оның әндерін табынушылар сүйіп тыңдайды, жатқа айтады.