ШЫМКЕНТТЕГІ «НҰР ОТАН» ФОРУМЫНДА ПАРТИЯ ХАТШЫСЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ

234

«Шымкенттегі бастауыш партия ұйымдарының форум жұмысына «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Тамара Дүйсенова қатысып, баяндама жасады», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Форум жұмысына арнайы келген «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Тамара Дүйсенова ұйымдастырылып жатқан жиынның маңыздылығына тоқталып өтті: «Партия қызметін жаңғырту жұмыстары аясында қолға алынған цифрландыруды жүзеге асыру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосуға бағытталған партиялық жобаларды іске асыру тәсілдері және бағдарламалық құжаттарды дайындауға айтылады. Сондай-ақ, партия кадрлық резервін қалыптастыру, еліміздегі жастар саясатын одан әрі жетілдіру, партияның талдау және сараптау әлеуетін арттыру мәселелері кеңінен қарастырылады. Партия мүшелері бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру жұмысына қатысты жаңа тұжырымда бойынша пікір алмасу, талқылау болады», — деді Тамара Дүйсенова.
Сондай-ақ, партия Хатшысы осындай форумдар тағы да еліміздің 3 өңірінде ұйымдастырылатын атап өтті. Онда бас қосқан бастауыш партия ұйым өкілдерінің «жаңа тұжырымдама» бойынша айтылған ұсыныстары, пікірлері жинақталып, олар қазан айында Астанада өтетін республикалық БПҰ-ның Форумында жарияланатынын айтты. Сонымен қатар, бастауыш партия ұйымы төрағалары үшін Партия Орталық аппараты құрылымдық бөлімдерінің басшылары, саяси менеджмент академиясының оқытушылары, танымал тренерлержәне саясаттанушылар «Сөз сөйлеу шеберлігі», «Саяси коммуникация», т.б. маңызды тақырыптарда тренингтер өткізді.