«IT бағдарламасы Шымкент қаласы тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге көмектеседі», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент қаласының әкімдігі «Біздің жұмысымызға шағым жасаңыз» акциясын қорытындылады. Акция кезінде азаматтардан 10 мыңнан астам шағым мен өтініштер қабылданды. Тұрғындардан түскен өтініш-арыздардың негізінде, қала әкімдігінің алдағы уақыттағы атқарылуы тиіс негізгі мәселелер айқындалып, орындалуына басымдық берілмек. Осы орайда, тамыз айының 29 жұлдызында қала әкімдігі «Shymkent Digital Day» жобасы шеңберінде негізгі мақсат-міндеттер бағдарын таныстырып, жұмыс жоспарын талқыға салатын болады. Яғни, кез келген тұрғын әкімдік қызметіне нақты ұсыныстар мен шешімдер ұсына алады. Нәтижесінде, үміткерлер ең қызықты жобаларымен қала басшылығына өз пікір-көзқарасын таныта алады.
Айта кетейік, әкімдік үшін «Shymkent Digital Day» жобасына кімдер қатысатыны маңызды емес, мұндай бірегей мүмкіндікке ие болу үшін әркім өзін ұсына алады. Ең бастысы, жобаның барлық қатысушыларына ортақ бірегей міндет қойылады. Яғни, алдағы бірер апта уақыт мерзімінде әкімдік қызметіне нақты ұсыныстар мен шешімдер ұсынылуы тиіс. Нәтижесінде үміткерлер ең қызықты жобаларымен қала басшылығына өз пікір-көзқарасын ұсына алады.