ШЫМКЕНТТЕ САЯБАҚТА ЖАСТАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ДОМБЫРА ПАТИ ӨТЕДІ

Шымкент қаласында «Dombyra Party» өтеді, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарын «Dombyra Party-ге» шақырамыз! Аталған іс-шара Шымкент қаласындағы «Абай» саябағына қала тұрғындарының және қонақтарының қатысуымен өтеді. «Dombyra party» кешіне ұлттық аспапты серік еткен өнерпаздармен қатар қала тұрғындары қатысып, өнерлерін ортаға сала алады. Сонымен қатар, домбыра үйренгісі келген адамдарға арналған кішігірім сабақтар да ұйымдасырылған. Өтетін орны: Шымкент қаласы Желтоқсан көшесі, «Абай» саябағы⠀⠀ Байланыс телефоны: +7 775 660 82 18⠀
Домбыра PartyДомбыра пати — қазақтың ұлттық аспаптарын, соның ішінде жалпыхалықтық саз құралы ретінде домбыраны, ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру және жалпы қазақшылықты насихаттау мақсатында туындаған флеш-моб форматындағы қозғалыс. Домбыра патилер, әдетте, аптаның белгіленген бір күнінде бұқара көп шоғырланатын қаланың қоғамдық орындарында open-air, яғни ашық аспан астында ұйымдастырылады. Шарада домбырада күйлер тартылады немесе аспап сүйемелдеуімен әндер шырқалады. Қозғалыстың ерекшеліктерінің бірі — аспаптарда тек өнер шеберлері немесе арнайы оқу бітірген мамандар ғана емес, сонымен қатар кез келген адам ойнай алардай дәрежеге жеткізуге үлес қосу. Қозғалыстың саяси астары жоқ.
Шараға тек домбырашылар ғана емес, сонымен қатар өзге ұлттық аспаптарда ойнай алатын өнерпаздар және тыңдармен-көрермендер қатыса алады. Шара жайлы, қатысушыларды шақыру әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асады. Шараларда түсірілген бейнематериалдар жиі ғаламторда бөлісіледі.