«Халық қалаулылары Нұртас шағынауданында орналасқан «СыдықовТ.К.» жылыжай кәсіпорнының болды», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Келесі кезекте делегация мүшелері «Шағын несие беруді көбейту» төртінші бастама шеңберінде Нұртас шағынауданында орналасқан «СыдықовТ.К.» жылыжай кәсіпорнының болды. Кәсіпорынның иесі Талғат Сыдықов мемлекеттік қаржылай көмек есебінен төмен пайыздық несие түрінде 5 миллион теңге көлемінде өз бизнесінің өндірістік қуаттарын кеңейте алды.
Айта кетерлігі, Шымкентте ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті. Аталған іс-шараға Парламент Мәжілісінің депуттары, «Қазақстан-2050» жалпы ұлттық қозғалысының өкілдері, Қазақстанның жоғары оқу орындарының қауымдастығының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, жергілікті мемлекеттік орган өкілдері, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлер қатысты.
Қоғамдық кеңестің мүшелері, ҚР Мәжіліс депутаттары Азат Перуашев пен Берік Дюсембинов, «Қазақстан-2050» жалпы ұлттық қозғалыс кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев, Қазақстанның жоғары оқу орындарының қауымдастығының президенті Рахман Алшанов пен ҚХА төрағасының орынбасары Виталий Тварионас Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік және іскерлік нысандарды аралап, өңірдегі Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылу барысымен танысты.