ШЫМКЕНТТЕ МӘЖІЛІС ДЕПУТТАРЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

«Шымкентте Мәжіліс депутаттары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттер үйіне барып, студенттерінің тұрмыс жағдайымен танысты», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Сапар басында делегация мүшелері Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттер үйіне барып, студенттерінің тұрмыс жағдайымен танысты. Университеттің бірінші проректоры Баршагүл Исабектің мәлімдемесіне сәйкес, университтете шамамен 3,5 мың студент оқиды, ал жатақхана қажеттілігі 200 адамды құрайды.
Бұл көрсеткішке 500 орындық жаңа жатақхана пайдалануға берілуіне байланысты қол жетіп отыр. Студенттер үйінде оқу және компьютерлік бөлмелер бар, әр қабатта асхана және қажетті жабдықтармен жабдықталған асүйлер, әр бөлмеде жуыну бөлмесі және тоңазытқыш бар. Оқу орнының өкілі 8 гектар аумақта орналасқан студенттік кешенде тағы 20 жатақхана, сонымен қатар спорттық-тұрмыстық кешендер салу жоспарланғанын атап өтті.
Республикалық кеңестің өкілдері бұдан кейін «7-20-25» бағдарлама бойынша бірегей ақпараттық орталығына барады. Қазақстанда алғаш рет «Әр отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бойынша тұрғын үйді сатып алғысы келетіндерге көмектесу үшін Шымкент әкімдігі фронт-офис ашты. Ақпараттық орталық «бір терезе» қағидаты бойынша «7-20-25» бағдарламалары аясында қала әкімдігі ұсынатын мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін көрсетеді.