ШЫМКЕНТТЕ МӘЖІЛІС ДЕПУТТАРЫ ЕЛБАСЫ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫН ҚАДАҒАЛАУДА

«Шымкентте Мәжіліс депутаттары Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асуын талқылады», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Шымкентте ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті. Аталған іс-шараға Парламент Мәжілісінің депуттары, «Қазақстан-2050» жалпы ұлттық қозғалысының өкілдері, Қазақстанның жоғары оқу орындарының қауымдастығының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, жергілікті мемлекеттік орган өкілдері, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлер қатысты.
Қоғамдық кеңестің мүшелері, ҚР Мәжіліс депутаттары Азат Перуашев пен Берік Дюсембинов, «Қазақстан-2050» жалпы ұлттық қозғалыс кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев, Қазақстанның жоғары оқу орындарының қауымдастығының президенті Рахман Алшанов пен ҚХА төрағасының орынбасары Виталий Тварионас Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік және іскерлік нысандарды аралап, өңірдегі Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылу барысымен танысты.
Сапар басында делегация мүшелері Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттер үйіне барып, студенттерінің тұрмыс жағдайымен танысты. Университеттің бірінші проректоры Баршагүл Исабектің мәлімдемесіне сәйкес, университтете шамамен 3,5 мың студент оқиды, ал жатақхана қажеттілігі 200 адамды құрайды.