«Шымкент қаласындағы барлық балабақша ғимараттары қатаң тексеруден өтеді», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Педагог мамандардың дәстүрлі тамыз кеңесінде Ғабидолла Әбдірахымов қала аумағындағы балабақшалардың жағдайын тексеретін арнайы комиссия құрылатындығын атап өтті. Талаптарға сай келмеген тәрбие беру ұйымдарымен келісімшарт тоқтатылады және оларға мемлекеттік тапсырыс берілмейді. — Ең алдымен, балабақшалардың материалдық-техникалық базасын нығайту қажет. Ойыншықтардың саны мен сапасын арттыру, дәмді және пайдалы тағамдармен қамтамасыз ету баса назарға алынуы тиіс, — деп атап өтті Ғ.Рахматоллаұлы.
Қазіргі таңда, қала аумағында 459 балабақша жұмыс істейді. Олардың 351-і жеке меншік иелігінде.
Шымкентте балабақша төлемақысы соңғы рет 2015 жылы 1300 теңгеге көтерілген. Араға 2,5 жыл салып, 4 ай бойы құжат рәсімдеген мамандардың талқысынан кейін тағы да өсті. Енді оның ақысы 3 жасқа дейінгі балаларға 2219 теңге, 3 жастан жоғарыларға 2712 теңгеге ұлғайды.