ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢАДАН ҚҰРЫЛҒАН СПОРТ БАСҚАРМАСЫНА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

607
«Шымкент қаласының спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы тағайындалды», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Шымкент қаласының спорт және дене шынықтыру басқармасы басшысы лауазымына Әлібек Нұртаев тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға таныстырған қала әкімі апаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов қызметте табысты болуына тілектестігін білдірді.
Әлібек Нұрбайұлы 2002 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ тәмамдаған. ҚР спорт шебері, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы. Қызмет жолын ОҚО туризм және спорт басқармасының бас маманы ретінде бастап, әр түрлі лауазымдарда қызмет етті. 2013 жылдың мамырында ОҚО дене шынықтыру және спорт басқармасына басшылық етіп, бүгінге дейін қызмет етті.
Әлібек Нұрбайұлы облыс спортының тізгінін ұстаған шақта өңір спортшылары айтулы спорт сайыстарында жақсы нәтижелерге қол жеткізді. 2013 жылы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Оңтүстік Қазақстанды «Үздік өңір» деп таныды. Қазақстан спартакиадасы, түрлі спорт түрлері бойынша әлем біріншіліктері, Сочи қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарында ОҚО спортшылары ел намысын абыроймен қорғады.