ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЫҢ ЖАҢА ПРОКУРОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Барлық прокурорлар облыс прокуроры лауазымына Президенттік резервте тұрған

«Мемлекет басшысының келісімімен Бас Прокурор Қайрат Қожамжаровтың бұйрығы негізінде Шымкент қаласының прокуроры болып Мақсат Қожабаев тағайындалды», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі prokuror.gov.kz сайтына сілтеме жасап.
М.А. Қожабаев 1974 жылы туған. Прокуратура органдарында 1997 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Әртүрлі жылдары аудан прокуроры және Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласы прокурорының орынбасары лауазымында болды. 2012-2017 жылдар аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл қызметінде Жамбыл және Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметін атқарды. 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы қосқан елеулі үлесі үшін Мемлекет басшысынң Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Сонымен қатар, «Мемлекет басшысының келісімімен бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың биылғы 9 шілдедегі бұйрығы негізінде бас көлік прокуроры болып — М.К. Дүйсенов, Шымкент  Қайрат Қожамжаровтыңқаласы прокуроры – М.А. Қожабаев, Түркістан облысының прокуроры — Н.М. Әбдіров, Манғыстау облысы прокуроры болып Е.М. Абаев  тағайындалды», — делінген бас прокуратура таратқан хабарламада.
Барлық прокурорлар облыс прокуроры лауазымына Президенттік резервте тұрған.