«ТАЗА АУЛА» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚТАРМЕН МАРАПАТТАЛАДЫ

Аудан әкімдігі көшелерді әр 15 күн сайын аралап, дайындық жұмыстарын күшейтуде.

331

«Шымкенттік аудан «Таза қала» акциясына дайындығын қарқынды жүргізуде»,  деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Қаратау ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтсақ, «Таза қала» акциясына дайындық барыстарын аудан әкімі аппараты қызметкерлері байқауға қатысушы үй, көшелерді әр 15 күн сайын аралап, дайындық жұмыстарын күшейтуде.
Қазіргі таңда Қаратау ауданы бойынша байқауға қатысуға ниет білдірушілер көп. Шараға қатысуға жалпы 64 көше, 80 аула өтініш білдірген. Сондай-ақ, былтырғы жылы аталған шараға қатысуға 45 көше, 40 ауладан өтініш қабылданған.
Айта кетейік, акция жеңімпаздары әр ауданнан І, ІІ, ІІІ орындар бойынша бағалы сыйлықтарымен және қала әкімінің дипломдарымен марапатталады.
Сонымен қатар, акцияға белсене қатысып, өзі тұратын аула мен көшенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосқан мектеп оқушылары мен қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру, ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алуда нәтижелі еңбек көрсеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлері арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.