ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТІҢ ІСТЕН ШЫҚҚАН ШАМДАРЫ АУЫСТЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Қалада ақауы бар шамдар мен сынған шыны әйнектер ауыстырылып жатыр.

Қалада ақауы бар шамдар мен сынған шыны әйнектер ауыстырылып жатыр. «Шымкентте істен шыққан шамдар ауыстырылуда», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Шымкент қаласының әкімдігі «Біздің жұмысымызға шағым жасаңыз» акциясы аясында азаматтардан түскен шағымдар бойынша жұмыс істей бастады. Сауалнама нәтижесі бойынша өзекті мәселе ретінде коммуналдық шаруашылық саласындағы істен шыққан шамдардың ахуалы аталған болатын. Қаланың коммуналдық сала қызметкерлері жарықтандыру және қала шамдарының қызмет ахуалы бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда ақауы бар шамдар мен сынған шыны әйнектер ауыстырылуда. Бұл дегеніміз, алдағы күндері Шымкент қаласының кешкі көшелерінде өзіңізді қауіпсіз сезінуіңізге мүмкіндік бермек.
Шаһар басшылығының тағы бір жетістіктері — қала көшелеріндегі жарық автоматты түрде іске қосылады. Арнайы таймер бойынша күнде кешкісін сағат 18:15-те барлық шам іске қосылып, таңғы сағат 08:00-де өшеді. Уақыт кестесі әр 10 күн сайын өзгертіліп тұрады, ол таңның атуы мен кештің батуына байланысты деп түсіндіреді жауаптылар.