«Шымкент қалалық білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды», деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.
Ақерке Абылайхан 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысының Аркат ауылында дүниеге келген. Орта білім алғаннан кейін Ш.Құдайбергенов атындағы Семей педагогикалық институтына оқуға түскен.
1997 жылы «биология және химия» пәнінің мұғалімі мамандығын алып шығып, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, одан кейін Хемниц техникалық университетінде (Германия) білімін жалғастырған.
Философия ғылымдары бойынша Доктор PhD-ғылымдарының кандидаты (Ph.D.) және жаратылыстану ғылымдары бойынша PhD- докторы (неміс жүйесінде) оқытушылық дәрежелеріне ие. Бірқатар мемлекеттік және халықаралық марапаттарға ие болған. Бұл қатарда,БҒМ-нің құрмет грамотасымен және белгісімен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», Ауғанстанның Жоғары білім министрлігінің Құрмет грамоталарымен, ТМД-ның Білім беру жобалары жөніндегі Атқарушы комитетінің, сондай-ақ ШЫҰ-ның медалімен марапатталған.
Осы жылдар ішінде ол ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі ұлттық комитетінің мүшесі болды; Білім беру жобалары бойынша ТМД сараптамалық тобының төрағасы, ҚР СІМ-нің Ресми дамыту жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болды. 2016 жылы Германия Үкіметінің білім беру бағдарламасы «дуалды оқыту» (Кельн және Берлин) және білім беру саласындағы халықаралық сарапшылар (Сеул) семинарына қатысты. 2018 жылы — БҰҰ-ның әйелдер ісі жөніндегі ғылыми кеңесшісі болды.
Еңбек жолын Семей мемлекеттік университетінде интерн-педагог ретінде бастаған. Содан кейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, Хемниц техникалық университетінде (Германия) ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 2006 жылдан бастап 12 жыл бойы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінде — кафедра меңгерушісі; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Даму стратегиясы департаментінің халықаралық бағдарламаларын іске асыру бөлімінің басшысы, БҒМ-нің Ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары және ҚР БҒМ-нің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған. Осы уақытқа дейін «Нұр Отан» партиясы Саяси басқару академиясы директорының орынбасары лауазымдарын атқарып келген.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Шымкент қалалық білім беру басқармасына басшысы болып мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасының түлегі Ақерке Абылайхан тағайындалды.