ҚОСТАНАЙДА 180 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БІЛІМ ОШАҚТАРЫ ЖОҚ

бұл білім мекемелерінде бала саны толмайды.

«Қостанай облысында биыл бес бірдей бастауыш мектеп жабылмақ. Жергілікті әкімдіктер осындай шешім қабылдап отыр», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі 24 кз телеарнасына сілтеме жасап.
Басты себеп бұл білім мекемелерінде бала саны толмайды. Облыс бойынша қазіргі таңда 509 мектеп бар. Ал білім ошағы жоқ елді мекендер саны 180-ге жуықтайды. Ондағы балалар жақын маңдағы ауылдардан қатынап немесе интернатта жатып оқып жүр. Енді олардың қатарына жабылған мектептердің 16 оқушысы қосылмақ. «Көлік мәселесін шешу жергілікті әкімдіктердің мойнында. Интернатқа жатқызылған оқушылар апта сайын барып тұруға машина беріледі. Ал қайсыбірі күн сайын үйінен қатынайтын болады. Бұл мемлекеттік қызметке жатқандықтан бәрі тегін», — дейді облыстық білім басқармасының бас маманы Әсемгүл Иманова.