ШЫМКЕНТТЕ БІТІМГЕРЛЕР АШЫҚ ЕСІК КҮНІН ӨТКІЗДІ

 «Шымкенттік аудан әкімі медиаторлармен кездес ұйымдастырды», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Қаратау ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкенттік ауданда медиаторлармен ашық есік күнін өткізді. Шымкент қаласы Қаратау ауданында Республикалық «Медиация күні» акциясы аясында кәсіби және кәсіби емес медиаторлордың қатысуымен аудан тұрғындарына арналған ашық есік күні өткізілді.
Аталған іс-шара барысында кәсіби медиатор – Нұрханов Нұрбол Нұрланұлы келуші тұрғындарға медиация жайлы толық түсініктеме берді.
Сондай-ақ, ашық есік күні шеңберінде медиаторлар тарапынан келушілерге тегін кеңестер ұйымдастырылып, медиация кабинеттерінің орналасқан орны мен телефон нөмірлері көрсетілген арнайы парақшалар таратылды.
Естеріңізге салар болсақ, медиация, медиатор деген ұғ­ым­дардың елімізде пайда болуына Қа­зақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтарда шыққан «Медиация туралы» заңы себепкер болды. Заң мәтіні 2011 жылы ақпан айының басында «Егемен Қазақстан» және « Казахстанская правда» газеттерінде басылды, қолданысқа алты айдан кейін, 2011 жылдың тамыз айында енгізілді. Медиация термині латын тіліндегі геометриялық ұғым «медиана» – орта сызық деген сөзден шық­қан. Қазақы ұғымға сәйкестендірсек, ме­диа­тор – екі жаққа да ортақ, дау-дамайда ай­тысушы жақтарды мәмілеге келтіріп, тең шешетін ара ағайындық жасау.