ШЫМКЕНТТЕ АУЛАЛАРДА САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

 «Шымкент қаласы Қаратау ауданында ауланы жуып-тазалау жұмыстары жүріп жатыр», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Қаратау ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

216
Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағындағы көп қабатты үйлер жанында орналасқан қоқыс алаңшаларының айналасын санитарлық дезинфекция және жууып тазалау жұмыстары атқарылуда.
Сондай-ақ, аталған жұмыстар алдағы уақытта қызмет көрсетуші мекемелер тарапынан тұрақты түрде жүргізіліп отырады.
Санитарлық тазалық жағдайындағы ең өзекті мәселелердің бірі аудан аумағындағы елді мекендердің тазалығы. Қаратау ауданы аумағындағы ішкі орамдық жолдар мен аулалардың санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында аудан территориясы 10 аумаққа бөлініп, әр аумаққа аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген.
Сонымен қатар, бей-берекет қоқыс тасталатын орындарды жою мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын мекемелермен келісім-шарт түзу қажеттігі жөнінде елді мекен тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, атқарылып жатқан жұмыстарды ұйымдастыру және қадағалау Қаратау ауданы әкімі аппараты халықпен жұмыс жүргізу бөлімі тарапынан орындалуда.