Басты бет Мегаполис ШЫМКЕНТТЕГІ SHYMKENT PLAZA КИНОТЕАТРІНДЕ «ШАБДАЛЫ» ФИЛЬМІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ
Кинотуынды түсірілімі Жетісай қаласында басталып, Шымкент пен Түркістанда жалғасқан. 15-ші «Евразия» кинофестивалінің аясында көрерменге жол тартқан «Шабдалы» Астана қаласының 20 жылдығына арналып отыр. «Асыл арна» телеарнасының төл туындысын біздің түсіру тобы да көріп қайтты.Фильмдегі негізгі оқиға 2000 жылдарды қамтиды. Киноның көп бөлігі өмірде болған уақиғалар. Жырау Алмас Алматовтың осы аттас шығармасы «Шабдалыға» арқау болған. Көркем шығарманың негізгі ойын жеткізуде біраз қиындықтар болғанын қоюшы-режиссері Жандос Құсайынов жасырмай айтып берді.
Жандос Құсайынов, «Шабдалы» фильмінің қоюшы режиссері:
— Түсірілім 2017 жылы басталды. Негізі жалпы алғанда 30 күнге жуық. Сценарийді де бір айдың көлемінде жаздым. Бұл фильм Алмас Алматовтың «Шабдалы» әңгімесінің желісінде түсірілді. Бұл төртінші фильмім. Бұған дейін «Сергелдең», «Шатқал» деген фильмдер түсіргенбіз. Бұл фильмнің ерекшелігі- түпнұсқаның авторы бар. Көпшілікке жақсы таныс шығарма. Сондықтан да жауапкершілігі жоғары. Басында жүрексінгенім рас. Қандай да бір шығарманы экранизациялау қиын дүние. Авторға, шығармашылық топқа көрсеткеннен кейін оң бағасын алып, көпшілікке, прокатқа шығып жатқан жайы бар.