ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ТҰРҒЫНДАРҒА ЖАЗҒЫ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН САҚТАУҒА ШАҚЫРДЫ

«Шымкенттегі Әл-фараби аудан әкімдігі тұрғындарға жаз айларында су айдындарында суға шомылу кезіндегі сақтық шараларын сақтауға шақырды», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат аталған аудан әкімдігінің ресми парақшасына сілтеме жасап.

Жаз айларында су айдындарында азаматтардың суға шомылу кезіндегі сақтық шараларын сақтамауы салдарынан түрлі оқыс оқиғаларға ұшырауы жиі орын алады. Айта кетсек: мезгілсіз уақытта және судың салқындығын ескерместен суға шомылып, суға түсу ережелерін сақтамағанан да қайғылы жағдайларға ұшырауда. Сондай-ақ балаларды қараусыз қалдыру, оған қоса жүзе білмейтіндігі салдарынан келеңсіз жағдайлар көптеп орын алуда.
Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудандық жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе арнайы іс-шара жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға сақтық іс-шаралар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Осыған орай, аудан тұрғындарының назарына, суға шомылар алдында қауіпсіздік шараларын сақтап, суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмай, суға түсуге тыйым салған жерлерге шомылмауларыңызды сұранамыз.
Сондықтан, бірінші кезекте тыйым салын­ған және жабдықталмаған орын­дарда шомылмауға, масаң күйінде суға түспеуге, қайықтардан, катер­лерден, айлақтардан, сондай-ақ бейім­делмеген құрылыстардан су­ға секірмеуге, жүзу шегін біл­дірет­ін­ қалтқы белгілерден ас­пауға, жү­зу­ге арналмаған заттар­ды пайдаланып жүзбеуге, тех­никалық және ес­кертетін бел­гілерге, қалтқыларға мін­беуге, балаларға ересектердің қара­уынсыз суға түспеуге кеңес бе­реміз.