ШЫМКЕНТТЕ ЗАҢСЫЗ ОРНАЛАСҚАН ДҮҢГІРШЕКТЕР АЛЫНЫП ТАСТАЛУДА

«Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына орай шаһардағы заңсыз орналасқан дүңгіршектерді алу жұмыстары жалғасуда», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Әл-Фараби ауданы әкімінің facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда ретсіз саудамен күрес аясында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында заңыз орналастырылған дүңгіршектер алынып жатыр.
Шымкент қаласы аумағында белгіленген жерлерден тыс орындардаға сауданы жою жұмыстарының 2018 жылға арналған іс-шара жоспарына сәйкес, Әл-Фараби ауданында заңсыз дүңгіршектермен күрес шаралары жалғасуда. Осыған орай, кезекті рет аудан әкімдігінің қызметкерлері және жергілікті учаскелік полицейлер өкілдерінің қатысуымен іс-шара жұмыстары өткізілді.
Іс-шара барысында, 30.03.2018 жылғы Шымкент келбеті газетінің №25 (1564) басылымында жария етілген Әл-Фараби алаңы №3 мекенжайында орналасқан заңсыз дүңгіршек иесіне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде аталған заңсыз «Ауыз ти» дүңгіршегі орнынан алынды.
Қазіргі таңға, Әл-Фараби ауданы бойынша 38 заңсыз орнатылған дүңгіршек алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.
Естеріңізге салар болсақ, осыдан ілгері аудан әкімдігі рестсіз сауда орындарына ұйымдастырған рейд барысында  түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, базар аумағын біршама ретке келтіріп, 18 азамат базар ұсынған бос орындарға орналастырылған болатын.