ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМЫССЫЗДАРҒА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

«Шымкент қаласы І.Жансүгіров көшесі бойындағы жұмыссыз азаматтарға бос жұмыс орындары ұсынылды», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Әл-Фараби ауданы әкімінің facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Жұмыспен қамту орталығының мамандарымен бірлесе жасалған шара Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан І.Жансүгіров көшесі бойында жүргізіліп өткен.
Естеріңізге салар болсақ, осыдан ілгері Шымкентте өңіраралық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Онда жергілікті жұмыс берушілермен қоса еліміздің 4 облысынан келген делегаттар бос жұмыс орындарын ұсынды. Күн ұзаққа жалғасқан шарада жұртшылық екі қолға бір күрек тауып қана қоймай, солтүстік өңірге қоныс аудару мүмкіндіктерімен де танысты.
Әрі, өңіраралық шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген жұмыс берушілер қатысты. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысынан келген делегаттар түрлі жұмыс орындарын ұсынып, тіпті тұрғындарды кәсіппен айналысуға да шақырды.