ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРІМІ 12 ПАЙЫЗҒА ЖОҒАРЫЛАҒАН

«Шымкентте мектеп оқушыларының сабақ үлгерімі 12 пайызға жоғарылады.Сондай-ақ, мектеп оқушылары арасындағы құқықбұзушылық деңгейі 75 пайызға төмендеген», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мұндай көрсеткіш қаланың барлық 128 мектебінде жүзеге асырылатын электронды журналдар жүйесі мен «Күнделік» бақылауының нәтижесінде мүмкін болып отыр.
Өз кезегінде, «мектеп — ата-ана — оқушы» мобильді қосымшаларын енгізу арқылы ата-ана тарапынан бақылау деңгейі күшейтіліп, білім беру процесіне ата-ананың қатысу мүмкіндігі ұлғайды, мұғаліммен арада тығыз қарым-қатынас орнатылды.
Жобаның тиімділігі нәтижесінде оқушылардың себепсіз сабаққа қатыспау көрсеткіші 10 есеге, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық деңгейі 75 пайызға, сабаққа үлгерімі 12 пайызға жоғарылады. Білім беруді цифрландыру саласындағы тағы бір қанатқақты жоба — мұғалімдерді қабылдауды автоматтандыру болып табылады. Бұған дейін педагогика саласының мамандары жаңа жұмыс орнын іздеп әрбір білім ұясына жеке-жеке баруға мәжбүр еді. Қазіргі таңда, кандидаттар, ішкі жаңа жүйе бойынша дайындалған ғаламтордың веб-сайтында онлайн өтінім қалдыра отырып, ашық конкурстарға қатыса алады. Осының нәтижесінде, шағымдар көрсеткіші 90 пайызға төмендеді, педагогикалық кадрлардың сапасы жақсарды, сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдері азайды. Бүгінгі күнге дейін 2409 өтінім қабылданып, 1063 маман онлайн конкурсқа қатысқан. 780 маман жұмысқа орналасты.