Мәулен Әшімбаев Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен бірге 50 орындық №37 «Әйгерім» арнаулы (коррекциялық) және 60 орындық №17 «Достық» арнаулы бөбекжай балабақшаларына барды. Әлі ашыла қоймаған балабақшалар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салынған. Мұнда мүмкіндігі шектеулі балалардың ой-өрісі мен дене қимылын дамытатын мамандар жұмыс жасайды. Қызметтер балаларға ақысыз түрде жүргізіледі.
Мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге арналған бөбекжай-балабақшалар заман талабына сай жабдықталған. «Достық» балабақшасы — 50, ал «Айгерім» бөбекжай-балабақшасы 55 орынға лайықталған. Жеке спорт залы және дәрігер бөлмелері бар.
Балабақша ғимаратын «Otau Group» холдингінің президенті Қайрат Молдасейтов өз демеушілігі есебінен бүлдіршіндерге тарту етіп отыр. Екі балабақша да «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Атамекен» бағдарламасы бойынша салынған.
Қазіргі таңда Шымкент қаласы аумағында мектепке дейінгі 459 мекеме жұмыс істеп, онда 70 мыңға жуық бүлдіршін қамтылған. Мемлекет тарапынан атқарылған ауқымды жұмыстың нәтижесінде 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту үлесі 88 пайызды құрап отыр.
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ШЫМКЕНТТЕ ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН КОРРЕКЦИЯЛЫҚ БӨБЕКЖАЙЛАР ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР
"«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Шымкенттегі сапары барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша салынған бірнеше нысанның жұмысымен танысты", деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.