ШҰҒЫЛ: ДАҢҚТЫ СПОРТШЫ ДЕНИС ТЕН АВТОҰРЫЛАР ҚОЛЫНАН МЕРТ БОЛДЫ

"Қазақстандық даңқты спортшы, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Алматыда жасалған шабуылдан қайтыс болды", деп хабарлайды Adym.kz сайты Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

1587
Осыған дейін Алматыда белгісіз біреулердің Денис Тенді пышақтап кеткені хабарланған болатын. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты.
Оқиға бүгін, 19 шілдеде шамамен 15.00-де Құрманғазы мен  Байсейітова көшелерінің қиылысында болған.
Денис Тен — ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.