#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ: «ТУРИСТЕРГЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ ТИІСТІ ДЕҢГЕЙДЕ ЖАСАЛМАҒАН»

"Түркістан облысында туристік индустрияны дамыту мақсатында арнайы бағдарлама жасалмақ. Сол арқылы туристер үшін сервис саласы жақсартылмақ. Бұл туралы бүгін өңір басшысы Жансейіт Түймебаев туризм саласының өкілдерімен өткен жиында баяндады, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқосуға облыстық басқарма басшылары, туристік агенттік пен тарихи, мәдени орталық жетекшілері және қолөнер шеберлері қатысып, аталған саланы дамыту жайында ұсыныс пікірлерін білдірді. Жиынға төрағалық еткен аймақ басшысы өңіріміздегі туризм саласын түлетудегі негізгі алғы шарттарын атап өтті.
Жансейіт Түймебаев, Түркістан облысының әкімі:
— Біздің облысымызда туристер қызығатын тарихи және мәдени нысандар өте көп. Тамаша табиғатының өзі бір төбе. Солай бола тұра, неге бізге Түркиядағыдай туристер ағылмайды. Себебі, қонақтарға көрсетілетін қызмет тиісті деңгейде жасалмаған. Міне, осы кемшіліктерді жоюымыз керек. Яғни, әуежайдан бастап қонақүй, сервис, дәмхана, гидтерге дейін жоғары дәрежеде қызмет көрсететін болса, келушілердің қатары арта түседі. Сол үшін шетелдік әріптестермен жан-жақты тәжірибе алмаса отырып, қонақ күтудің озық үлгілерін үйренуіміз керек.
Сондай-ақ, өңір басшысы туристік индустрияны дамыту мақсатында арнайы бағдарлама құрылатынын айтты. Осының негізінде туристік нысандардағы инфрақұрылым мәселесі шешіліп, сервистік қызметті жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылмақ.
Өз кезегінде туристік агенттіктер қауымдастығының төрайымы Гүлмира Ақбердиева сервистік қызмет көрсетуге үйрететін орталық ашуды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар