НАЗАРБАЕВ ӘУЕЖАЙЫ 2 МИЛЛИОННАН АСТАМ ЖОЛАУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында 2018 жылдың І жартыжылдығында жолаушылар көлемі 17 пайызға артты", деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі аталған әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 2018 жылғы қаңтар-маусым айларында 2 млн 145 мың 154 жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіш 2017 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 17 пайызға көп.  2018 жылғы жарты жыл ішінде халықаралық әуежай ішкі бағыттағы жолаушылар көлемін 12 пайызға арттырып, осы аралықта 1 млн 346 мың 578 адам әуежай қызметіне жүгінген.
Бұдан өзге, биылғы жылғы қаңтар-маусым айларында елорданың әуе қақпасы халықаралық бағыттағы 798 мың 576 жолаушыға қызмет көрсетіп, 2017 жығы І жартыжылдықтағы көрсеткіш нәтижесін 26 пайызға арттырған. Сондай-ақ, 2018 жылғы І жартыжылдықта Астана әуежайынан 14 мың 353 ұшақ  ұшқан (бұл көрсеткіш 2017 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 11 пайызға артық).