2018 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша өңірдегі ірі қара малдың саны — 6,7 пайызға, қой мен ешкі саны — 5,2 пайызға, жылқы басы — 9,6 пайызға, түйе — 6,7 пайызға, құс саны — 13,8 пайызға артқан. Сондай-ақ, облыста есепті кезеңде 103,4 мың тонна ет, сүт 364,4 мың тонна сүт, жұмыртқа 95,1 млн. дана жұмыртқа өндірілген.
Бүдан өзге, «Сыбаға» бағдарламасымен 7352 бас аналық сатып алынып, жалпы аналық басқа шаққандағы үлесі 13,8 пайызға жетті. «Алтын асық» бағдарламасымен 11 893 бас қой сатып алынып, жалпы аналық басқа шаққандағы үлесі 5,1 пайызды құраған. «Құлан» бағдарламасы аясында 2059 бас жылқы алынып отыр.