Шымкент қаласы әкімі орынбасары Нұрсадық Ергешбек және аудан әкімі Исамидин Кантураев алғашқы жұмыс күнінен аудан аумағындағы «Тұран» шағынауданы тұрғындарымен қазіргі таңдағы ең өзекті болып отырған жол мәселесі және «Асар 2» шағынауданы тұрғындарының мектеп, ауыз су, жол және өзге де маңызды мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында Исамидин Мұхитдинұлы аталған мәселелердің алдағы уақытта оңтайлы шешімін табуы мақсатында құзырлы мекемелермен тиісті жұмыстар жүргізілетінін және аудан әкімдігінің тікелей бақылауында болатындығын атап өтті.
Айта кетерлігі, Қаратау ауданындағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында 99 тармақтан тұратын іс-шаралық жоспар әзірленіп, халыққа ең қажеттісі – су, газ, сапалы электр жарығы болды.
Елдімекендердегі ауызсу мәселесін шешу үшін 2019-2020 жылдарға жоспарланған ауызсумен қамту жұмыстарының жобасын қала әкімдігінің қолдауымен 2018 жылға жоспарланған. Әрі жеке кәсіпкер тарапынан «Асар-2» шағынауданындағы 130 тұрғын үйге ауызсу тартылды. Ағымдағы жылы «Сайрам» тұрғын алабы мен «Тұран» шағынауданына су құбырын тарту жұмыстары басталып кетті. Ал бірқатар елдімекенде ауызсу құбырларын тарту құрылысы келесі жылы басталады. Қазір таңда бюджеттен қаражат қаралып, ЖСҚ әзірленуде.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСШЫЛАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ
«Шымкент қаласы әкімдігінің басшылары шаһарға қарасты «Тұран», «Асар-2» шағынаудандарындағы бірқатар мәселелер жөнінде тұрғындармен кездесу өткізді», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Қаратау аудандық әкімдігі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.