ШЫМКЕНТ ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДЕР ДОСТАСТЫҒЫНЫҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ БОЛУҒА ДАЙЫНДЫҚТЫ БАСТАП КЕТТІ

"Шымкент қаласы 2020 жылы Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД) мәдени астанасы болады, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі ТМД атқару комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

430

Шымкенттің еліміздегі ірі мегаполистер қатарына енуіне байланысты 2012 жылы қаланың бас жоспары бекітілді. Шаһар аумағы 77 мың гектарға ұлғайды. Жаңа әкімшілік іскерлік орталық бой көтерді. Шымкент шаһары енді бірер жылда ірі сауда-логистикалық орталыққа айналуымен қатар, айрықша сәулеттік келбетке да ие болмақ.
Айта кетерлігі, 2017 жылы 11 қазанда Сочиде өткен ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында «Достастықтың мәдени астаналары» мемлекетаралық бағдарламасын 2018 жылы Арменияда (Горис қаласы), 2019 жылы Беларусьте (Брест қаласы), 2020 жылы Қазақстанда (Шымкент қаласы) іске асыру туралы шешім қабылданды» делінген хабарламада.
19 маусымда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының кейбір мәселелері туралы» Жарлық шығарған. Ол бойынша, Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі беріліп, Оңтүстік Қазақстан облысының атауы Түркістан облысы деп өзгертілген. Облыс орталығы Шымкенттен Түркістанға ауыстырылған.