ШЫМКЕНТТЕГІ «АСТАНА» ШАҒЫНАУДАНЫНДА КӨПҚАБАТТЫ 27 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНУДА

«Енді мұнан былай Шымкент қаласында «Астана» шағынауданы мен «Астана» гүлзары тұрғындардың жаңа қоныс тұрағына айналады», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

188

Қаратау ауданы аумағында орналасқан  осы шағынауданда соңғы жылдары мемлекеттік бағдарлама аясында көптеген тұрғын үйлер бой көтерген.
Елімізде Астана мен Алматы қалаларынан кейінгі ең ірі шаһарды көгалдандыру мақсатында «Астана» гүлзары халық игілігіне беріліп отыр. «Астана» есімін иемденген гүлзарға шынар, қайың мен талшын ағаштары егілген. Аяқжолдардың жағалауы қызылды-жасылды алуан түрлі гүлдермен көмкерілді. Ал, орталық алаңдағы шаңырақ бейнесі еліміздегі татулық пен бірлікті меңзеп тұрғандай. Келешекте оның төңірегі мөлтекауданның келбетін түрлендіріп, ажарын аша түсетін кіші архитектуралық бейнелермен толықпақ. Оорталық алаңында орналасқан шаңырақ бейнесі халқымыздың ұлттық бірлігі мен татулығын меңзеп тұрғандай. Сондай-ақ, жуырда қала тұрғындарына осы жаңа шағын ауданнан жаңа пәтер кілті табыс етілді.
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған бұл үйдің пәтерлері әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен жетімдерге және ұзақ уақыттан бері тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілді. Жалпы, әкімшілік-іскерлік орталығында осы уақытқа дейін 90 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Қазіргі таңда мұнда көпқабатты 27 үй салынуда. Енді бұл шағынаудан «Астана» деп аталатын болды.
Аумағы 1 гектарға жуық гүлзарда шынар, каштан, қайың ағаштары мен түрлі гүлдер егіліп, орындықтар мен жарықшамдар, балаларға арналған ойын алаңшалары орнатылған.