Ұлттық спорт ұлықтаған сайысты «Elorda aqparat» ЖШС, «Астана ақшамы» газеті мен Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы ұйымдастырған.
Нәтижесінде еліміздің түкпір-түкпірінен кіл мықтылар қатысқан ақыл-ой сайысында жүлделі І орынды астаналық Бақытжан Хадылбек иеленсе, жүлделі ІІІ орынды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің қызметкері, Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың иегері, белгілі спорт журналисі Ғабит Сапарбеков жеңіп алды.
Осы орайда, күнгей өлкеде осы ұлттық спорт түрінің дамуына үлес қосқан Сапарбековтар әулетін кезекті жеңісімен құттықтаймыз.
Adym.kz ұжымы!