Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 9 млн. теңге қарастырылған. Қазір әкімдік мамандары төтенше жағдайлар және құтқару қызметінің мамандарымен бірлесіп, бұрынғы өнеркәсіптік алпауыт кәсіпорынның аумағына жақын орналасқан үйлерді аралауда.
Яғни, ондағы тұрғындарға мұнаралардың бұзылуы себепті туындайтын біршама жайсыздықтар ескертілуде. Конкурс нәтижесі алдағы екі апта ішінде жарияланады. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін, жалпы биіктігі 200 метрден асатын үш құбырды бұзу жұмыстары басталмақ.
ШЫМКЕНТТЕГІ ҚОРҒАСЫН ЗАУЫТЫНЫҢ МҰНАРАСЫН БҰЗУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНДЫ
"Бұрынғы қорғасын зауытының құбырлары мердігер мекеме анықталған сәтте бұзылады. Осы орайда, Шымкент қаласының әкімдігі бұрынғы қорғасын зауытының үш мұнара-құбырын бұзу үшін мемлекеттік сатып алу туралы конкурс жариялады", деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.