Тестілеудің бес күнгі қорытындысы бойынша – 20508 оқушы ҰБТ тапсырса, ең жоғары 138 балды 3 оқушы, 137 балды 5 оқушы, 136 балды 9 оқушы жинаған. Бұл туралы облыстық білім басқармасы мәлім етті.
Олардың айтуынша, 4843 түлек 100 балдан жоғары жинаған. Жалпы тестілеудің қорытындысымен облыстың орта балы – 79,4 балды құрап отыр.
Бұдан бөлек, ҰБТ ережесін бұзғаны үшін 4 оқушы аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижесі жойылды дейді ведомства өкілдіктері.
Тестілеуге кіргізу кезінде ҰБТ қағида талаптарының бұзылуы орын алған жоқ, барлық бітірушілер арнайы рамалы металіздегіштер арқылы өткізіліп, ұялы телефондары алынған.
Айта кетейік, облыс бойынша 2017-2018 оқу жылында 11 сыныпты 33765 оқушы бітірсе, оның ішінде 22417-сі ҰБТ тапсыруға өтініш берген.
26-маусым күні 2 ауданда 48 мектептен 1317 бітіруші ҰБТ тапсыратын болады. Олар: Мақтарал, Сарыағаш аудандары.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҮЛЕКТЕРДІҢ ҰБТ КӨРСЕТКІШІ ОРТАША 100 БАЛДАН ЖОҒАРЫ
"Түркістан облысында Ұлттық Бірыңғай Тестілеу басталғалы бес күнде 5 мыңға жуық түлек емтихан тапсырып, біліміне сай орташа 100 балдан жоғары нәтижеге қол жеткіздә", деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.