Аиалған сауда жәрмеңкесіне өңірдің 50-ден астам кәсіпкер қатысып, жалпы құны 122,8 млн. теңгені құрайтын 286 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін арзан бағада саудалауда. Шаруалар жәрмеңкеге 300 тоннаға жуық өнім әкелген. Соның ішінде ет және ет өнімдері – 65 тонна, көкөніс – 100 тонна, сүт өнімдері – 18 тонна және 10 тоннаға жуық жеміс-жидек бар. Тұтынушылар жәрмеңкеден жұмыртқа, балық, бал түрлерін де сатып ала алады.
АСТАНАДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТІП ЖАТЫР
"Астанада Түркістан облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр", деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.