1 ШІЛДЕДЕН БАСТАП МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛЕДІ

"Шілденің басынан бастап мемлекеттік сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізіледі", деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі abctv.kz сайтына сілтеме жасап.

1096

Ұсынылған түзетулер құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жеңілдету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында енгізіледі.
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер қолданысқа енгізілетінін (Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 562 бұйрығы) хабарлайды.
Қағидалардың тұжырымдамалық түзетулері:
Бірінші, мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы рәсімделетін Консорциалдық келісімнің Үлгілік нысанын бекіту;
Екінші, құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүзеге асыру кезінде жұмыс тәжірибесін есептеудің нақты регламенті;
Үшінші, тапсырыс берушілердің міндетіне техникалық ерекшелікте сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің ұлттық стандартын (бар болса) көрсетуді енгізу. Олар болмаған жағдайда мемлекет аралық стандарттарды көрсету.
Төртінші, өнім берушілердің міндетіне тауарларды жеткізу және жұмыстарды орындау кезінде, оларға Тауардың шығарылғаны туралы сертификатты ұсынуды енгізу болып табылады. Егер тауар Қазақстанда шығарылған болса, онда өнім беруші СТ-КZ Сертификатын ұсынуға міндетті.
Егер тауар импорттық өнім болса, онда шығарылған елдің тиісті уәкілетті органымен берілген, Тауардың шығарылғаны туралы сертификатты ұсынады.
Ұсынылған түзетулер құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жеңілдету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында енгізіледі.», делінген ҚР қаржы министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.