ӘБЛЯЗОВТАН 40 МЛН ДОЛЛАР ТӘРКІЛЕНЕДІ

1931

Мәскеу арбитраж соты ағылшын сотының шешіміне келісті. Олар қазақстандық БТА банктің өтініші бойынша Ресей аумағында Англия мен Уэльс Жоғарғы сотының қаржы институтының бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтан айыппұл тәркілеу шешімін іске асыру туралы арызын мақұлдады.
Соттың жариялаған есеп құжатында “Әблязовтың банк тарапына төлеуі тиіс өтемақы көлемі 420 млн доллар құрайды” деп жазылған. БТА банк 2015 жылдың қазанында Мәскеудің арбитраж сотына ағылшын сотының 2012 жылдың қарашасындағы шешімін Ресейде де растау туралы өтініш берген. Бұл шешім арқылы Жоғарғы сот банктің экс-басшысынан “басқалардың қаржысын қолданғаннан келген көлемі 401 млн долларды құрайтын шығын мен залалды қайтарып алады”.
“Прайм” басылымының жазуынша, Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі БТА банктің бұрынғы басшысына қатысты істегі айыптауларды растап, Әблязовтың ісін сотқа жіберіп жатыр. Қазақстан аумағынан сырт жүрген Әблязов “басшылықта қылмыстық топ құрып, БТА банктің қаржысын жымқырып және оларды заңдастырды”, сондай-ақ, “банк қаржысын заңсыз пайдаланып, қызметін асыра пайдаланды” деген айыптар тағылып отыр. Тергеу амалдарының қорытындысы бойынша, келген шығынның көлемі – 7,5 млрд доллар.
Естеріңізде болса, 2017 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы жауап алу үшін Мұхтар Әблязовті Астанаға шақырған еді.
Олар “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы «БТА Банк» АҚ бұрынғы топ-менеджменті М.Қ.Әблязовқа, Ж.Д.Жарымбетовке және өзгелерге қатысты қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеуін жалғастырып жатыр. Тергеу барысында Жемқорлыққа қарсы қызметі Әблязов пен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттерінің қосымша дәлелдерін тапты” деп хабарлаған.
Анықталған деректер Әблязовтің қылмыстық ұйым құрып, оған басшылық еткен деген қосымша күдіктеніп отырған. Енді оны прокуратура растап отыр.