Байқаудың мақсаты: мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамдық ортаға кіріктіру мәселелеріне зор көңіл бөлу туралы тапсырмасын жүзеге асырып, шығармашылық байқау арқылы мүмкіндігі шектеулі жандардың ерік-жігерін көрсету, шығармашылығына қолдау көрсету, талантын ұштап, дарынды өнер иелерін халыққа таныту. Жастардың шығармашылық байқауы арқылы өмірге деген құштарлығын арттырып, мүгедек жандарға өздері өмір сүріп жатқан қоғамның мүшесі, қатысушысы екенін сезінуге мүмкіндік жасау, өз мүмкіндіктеріне сендіру, олардың өнерін, еңбекқорлығы мен белсенділігін өзгелерге үлгі ету, қамкөңіл жандардың жағдайына қоғам назарын аудару, қоғам өмірінің барлық салаларында шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі танытуға жәрдемдесу және жастардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату.
Байқауға оңтүстіктің барлық аудан-қалаларынан дарынды, таланатты 50 мүмкіндігі шектеулі жастар мен жасөспірімдер қатысты.
Қатысушылар 3 кезең бойынша: «Үй тапсырмасы», «Автопортрет» «Натюрморт» үш заттан кем емес сурет салып, бақ сынасты.
«БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ, КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ!»
Adym.kz: «1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы аясында облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз!» атты мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған шығармашылық байқауы өтті.