Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Бәйдібек ауданының 90 жылдығына орай Шаян ауылындағы «Тәуелсіздік» алаңында «Бәйдібек би» анимациялық фильмінің тұсауы кесілді.
Шара барысында «САҚ» киностудиясының басшысы Н.Паттеев Бәйдібек ауданының 90 жыддығына орай аудан әкімі Б.Төленұлына «Бәйдібек би» анимациялық фильмінің 90 күйтабағын салтанатты түрде табыс етті. Бәйдібектік көрермендер фильмінің алғашқы көрсетілімін алаңдағы лэд экраннан тамашалады.
Фильмнің мақсаты-Бәйдібек баба тарихын негізге ала отырып, ұлттық тәрбиені салт-дәстүрді кейінгі жас ұрпақтар бойына сіңіріп болашақ жастарды анимациялық мультфильм арқылы патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Анимациялық мультфильмге жергілікті бюджет есебінен 13 млн 800 мың теңге қаржы қаралған.