ӘБІЛӘЗОВТЫҢ ЖАЗАЛАНАТЫН КҮНІ ЖАҚЫНДАП КЕЛЕДІ

Adym.kz: Қазақстанның Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров "Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ" парламенттік ынтымақтастық комитетінің тең төрағасы Ивета Григуле бастаған Еуропа Парламентінің депутаттарына елімізде жүргізіліп жатқан қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама реформалары, қадағалау органдарының рөлі мен қызметі туралы ақпарат берді, деп хабарлады бас прокуратураның баспасөз қызметі.

1906

Еуропарламент депутаттарына Қазақстанның сот төрелігінен Еуропа елдерінде жасырынып жүрген бірқатартар тұлғалардың, соның ішінде Әбіләзов пен оның жақтастары, Храпуновтар отбасы, ағайынды Рысқалиевтер, Тайжанов және т.б. қылмыстық әрекеттері туралы баяндалды.
«Тараптар Әбіләзовтың қылмыстық әрекеттеріне және елдегі қоғамдық жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған амалдарын сынады», – делінген ақпаратта.
Еуропарламент депутаттары Қазақстанның әлемдік түрме рейтингісін 3-тен 73-ші орынға жақсартуға мүмкіндік берген елдегі қылмыстық заңнаманы ізгілендіру тәжірибесіне және процестік заңнаманы жаңғырту шараларына қызығушылық білдірді.
Сонымен қатар, азаматтардың конституциялық құқығы, жеке өмірге қол сұқпау, сөз бостандығын қорғау мәселелері де талқыланды.
«Өзара іс-қимылдың жинақталған тәжірибесі Қазақстанның құқықтық жүйесінің тиімділігін, еуропа кеңістігінде сенімді серіктес болуға дайын екендігін байқатады. Барша халықаралық қауымдастықты алаңдататын ауыр қылмыстардың жазасыз қалмауы тиіс екенін растадық», – деп қосты бас прокурор.
Мұхтар Әбіләзов «БТА банкінің» қаржысын жымқырып, оны шетелге асырып, банктің қаржысын заңсыз пайдаланғаны үшін Қазақстанда сырттай 20 жылға сотталған.