Шымкенттегі «Түркістан» сарайында өткен концертте Қазақстанға алғаш рет келген Америка Құрама Штаттарының «Дейтон» заманауи би театры мен қазақстандық «Қазына» би ансамблінің бірлескен қойылымы болды. Бірлескен жоба көрерменге ерекше әсер қалдырды.
«Дейтон» заманауи би театры (Dayton Contemporary Dance Company – DCDC) шығармашылықтарының түп-тамыры афроамерикалық мәдениеттен бастау алады.
«Дейтон» заманауи би театрының негізін — Дейтон қаласының Огайо штатында 1968 жылы биші, оқытушы, хореограф, Марк-Артур степендиясының лауреаты Джеральдина Бланден қалаған. Бірегей америкалық би театры әлемге танымал.
Театрдың көркемдік жетекшісі Дебби Бланден-Диггс.
Олар ғажайып би нөмірлерін қою арқылы әлем бойынша іссапар барысында театр өнерінің жергілікті білім беру мекемелерінде шеберлік сабақтарын өткізіп келеді.
«Қазына» би ансамблі 1989 жылы құрылған. Ансабльдің ұйымдастырушысы және көркемдік жетекшісі ҚР Мәдениет қайраткері — Мұсабек Жарқынбеков. 2003 жылдан бері ҚР Мәдениет қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты Зәуре Ажибекова жетекшілік жасап келеді. Ансамбльдің қоржынында 70-ке жуық фольклорлық және заманауи жанрда, ТМД елдері және әлем халықтарының билері бар.
ШЫМКЕНТТЕ ШЕТЕЛДІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БИ ҰЖЫМДАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН КОНЦЕРТІ ӨТТІ (Фото)
"ОҚО-да тұңғыш рет шетелдік және қазақстандық би ұжымдарының бірлескен концерті өтті", деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.