«ҚДТ» ИНТЕРНЕТ ҚЫЗМЕТІН «ҚАТЫРЫП» ЖАТЫР ДЕЙДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР

Adym.kz: Қазақстандықтар Telegram, YouTube қызметінің нашарлауына байланысты телефон оперлаторларының зардап шегіп жатқанын айтты.
Мессенджерлер мен видеохостинг қызметінің дұрыс жұмыс істемеуі «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының шектелуімен байланысты.
«Мыңдаған қазақстандық әкімшілердің атынан Facebook, Youtube, Telegram желісінің қызметін тексеруді сұраймын. Жиі бұғатқа түсу салдарынан қатардағы қызметкерлер зардап шегуде. Кешкілік траффиктің үштен бірін YouTube құрайды. Ол «ҚДТ» арнасына түсіп, кейіннен бұғатқа түседі», – дейді «Ашық диалог» порталында Андрей Сайфиев.
«Youtube, Facebook, Вконтакте, Одноклассники, Twitter, Instagram, Telegram желісінің мекен-жайына сот шешімінің орындалу және Қазақстан аумағында «ҚДТ» тіркелмеген қозғалысының материалына қатысты қолданушыларға шектеу қою не өшіруіне қатысты шара қолдану жөнінде ресми хаттама жолданды», – дейді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.
Министр Вконтакте және Одноклассники желісіне «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының материалдарына шектеу қойылғанын айтты. Қозғалыстың материалдарна қатысты Instagram, Youtube және Telegraf желісінен де өшірілді.
Хат Facebook пен Twitter желісінің әкімшілігінің қарауында.