#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

ӘЛЕМДІК ХИТ «ДЕСПАСИТО» ТҮРЛІ ЭТОНСТАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРЫНЫҢ СҮЙЕМЕЛДЕУІМЕН ОРЫНДАЛДЫ (Видео)

«Шымкентте 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концертте түрлі этнос өкілдерінің ұлттық музыкалық аспаптарында әлемдік хит — «Деспасито» (Despacito) орындалды», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
Мерекелік шараның шымылдығы «Ashyq El» атты театрландырылған музыкалық қойылымымен ашылды. Салтанатты жиында облыс басшысы өңірдегі этно-мәдени орталық өкілдеріне «Бауырмал» сыйлығын тапсырды.
Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі:  
— Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі — бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында ел аумағында жүзден астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Осының нәтижесінде Қазақстан ынтымағы жарасқан, ырысы артқан елге айналды.  Мемлекетіміздің басты байлығы – қоғамдағы келісім мен татулықты сақтау ісіне әрбіріміз жауаптымыз. Қазақстан халқының бірлігі мерекесі құтты болып, баршаңыздың шаңырақтарыңыздан шаттық кетпесін.
Думанды кеш «Әлем ырғағы» атты түрлі ұлт аспаптардың орындауында музыкалық қойылыммен жалғасты.

Соңғы жаңалықтар