НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖҮЛДЕСІ ҮШІН «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» ТУРНИРІНЕ ІРІКТЕУ ӨТЕДІ

«Елордада «Қазақстан Барысы» турниріне іріктеу өтеді. Бірінші орынға ие болған балуанға «Астана қыраны» атағы беріледі», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы жылдың 27-28-сәуір күндері Астана қаласы, «Дәулет» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне «Астана қыраны» іріктеу сайысы өтеді.
Турнирде бірінші орынға ие болған палуанға – «Астана қыраны» атағы беріліп, «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама алады. 27-сәуір, сағат 17:00-18:00 аралығында қатысушылардың салмақ өлшеу рәсімі болады.
Жарыс 28-сәуір күні сағат 10:00-де басталып, 14:00-де  (55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 кг салмақтағы) аяқталады. Салтанатты ашылуы сағат 15:00-де.
Ашылу салтанатынан кейін (90 кг) салмақ дәрежесінен жоғары түйе палуандар сайысы сағат 15:00-19:00-ге дейін өтетін болады. Түйе балуандар сайысына 25-ке жуық спортшы қатысады.