«Астананың 20 жылдығына орай Ұлт Көшбасшысының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Киелі Отырардың қасиетті мұралары» атты көрменің ашылу салтанаты өтті», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
Көрмеге Әбу Нәсір әл-Фарабидың араб тілінде жарық көрген шығармалары, «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы туралы» трактаты, «Аспан әлемі туралы ілім», «Музыканың ұлы кітабы» атты трактаттары мен ғұлама жерленген Сириядан әкелінген заттай жәдігерлер қойылды.
Сондай-ақ, Арыстанбаб әулие басына тұрғызылған кесенеге қатысты төл жазбалар мен деректер, өткен ғасырдың 30-шы жылдарына дейін болған мұсылман кітапханасының қолжазбалары, ұлы ұстаздың ұрпақтары және кесенені тұрғызушы Ұста Халмырза Мүсәпірұлы жайлы жәдігерлер қамтылды.
Астана тұрғындары мен қонақтары Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі мен Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығы жасақтаған тарихи көрмені 30 сәуірге дейін тамашалай алады.