ШІРКЕУДЕ ҚҰРАН ОҚЫҒАН РЕЖЕП ТАЙЫП ЕРДОҒАН ХРИСТИАНДАРДЫҢ ЫЗАСЫН ТУДЫРДЫ

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ыстамбұлдағы бұрынғы әулие София православ шіркеуінде Құран оқып, христиандардың ашуына тиді», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Қамшы сайтына сілтеме беріп.
Түрік басшысы Қасиетті кітап сүрелерінің бірнеше қатарын жатқа айтып, әулие София ғимаратын мұраға қалдырған ата-бабаларына дұға бағыштаған еді. Әрі президент «қасиетті мекенде» сөз сөйлерде қатты қобалжығанын да жеткіді.
Өз сөзін Ердоған өнер фестивалінің ашылуында оқыды. Ашылу салтанаты түрік астанасында бірнеше жыл бойы христиан храмы болып келген, бүгінде мұражайға арналған Айя-София шіркеуінде оқыды.
Ал Әулие София шіркеуі XV ғасырдың ортасында түріктер жаулап алған. 1935 жылға дейін ғимарат мұсылман қауымға мешіт ретінде қызмет етті.. Кейін мұражайға айналып, түрлі діндердің құрылымы жайлы сыр шертті. Айта кетерлігі, София шіркеуі Бүкіләлемдік ЮНЕСКО мұрасына айналған.