2019 ЖЫЛДАН БАСТАП МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНА ЖАҢА ПӘН ҚОСЫЛАДЫ

Adym.kz: Білім және ғылым министрлігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп дайындаған «Бизнес және кәсіпкерліктің негіздері» пәні 2019 жылдан бастап жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушыларына таңдау пәні есебінде оқытылады.
Аталған пәнге жылына 68 сағат бөлініп, аптасына екі рет оқытылмақ. Жаңа сабақ негізінен іскерлік ойын және бизнес-тапсырма түрінде өткізіледі. Пәнге деген қызығушылықты арттыру үшін тәжірибелі бизнесмендерді оқу барысына тарту жоспарланған.
«Бұл пәнге дәріс беретін мұғалімдерді дайындап жатырмыз. Экономикамыздың дамуына үлес қосатын балаларымызды мектеп қабырғасынан бастап дайындау үшін оларға  шағын кәсіпкерлікті дамытудың бастауыш негіздерін үйретуіміз қажет»,  деп хабарлайды  ҚР білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов.
Бірлескен жоба әзірге мектептерде тек қосымша ретінде оқытылағанымен, баға аттестацияға енеді. Сондай-ақ, жаңа пәнді тек мектептерге емес, колледж бен жоғары оқу орындарының бағдарламасына да енгізу көзделген.