АЛМАТЫДА ИТ ПЕН МЫСЫҚТЫҢ КӨЗІН ЖОЮҒА 176,4 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН

Adym.kz: Алматыда қаңғыбас ит пен мысықтардың көзін жоюға бюджеттен 176,4 млн теңге бөлінген. Нәтижесінде  мал қорымында 20 707 ит пен 335 мысықтың көзі жойылды. Бұл туралы Алматыдағы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Айдын Керімбек мәлімдеді.
Өткен жылы қалалық ветеринария қызметі көшелерден 23 309 бас ит пен 578 мысық ұстап, оның ішіндегі 2 975 ит пен 340 мысықты иелеріне қайтарған.  Сонымен қатар 70 мың үй хайуанатына чип тағылып, 10 мыңына стерилизация жасалған. Бұл шаруаға бюджеттен 158,4 млн теңге бөлінген», дейді басқарма басшысы.
Бүгінде Алматыда «PetControl» бірыңғай электронды есепке алу жүйесі енгізілген. Осы арқылы қаладағы үй хайуанаттарының есебі жүргізіліп, олардың санын реттеп отыруға болады екен.