«ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН» КАРТАСЫНА ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНАН ЕНГЕН ОРЫНДАР МЕН НЫСАНДАРДЫҢ ТОЛЫҚ ТІЗІМІ

Adym.kz: Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтарын халық санасына сіңірудің ерекше маңыздылығын айтып өткен болатын. Осыған орай, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қазақ халқының тарихынан елеулі орын алатын еліміздің қасиетті орындарын анықтап, оның тізімін жасауды қолға алды. Ғылыми-сараптамалық кеңес ашылып, оған белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері тартылды. Аймақтарда жергілікті өлкетанушылар мен ғалымдар, облыстық әкімдіктің қатысуымен қасиетті орындарды анықтау үшін облыстық жұмыс топтары құрылды. Солардың ұсынысы бойынша Қазақстанның 100 қасиетті орындары мен кешендерінің тізімі анықталды.
Назарларыңызға «Қасиетті Қазақстан» картасына енген Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жалпыұлттық маңызы бар қасиетті орындар мен нысандардың толық тізімі жариялап отырмыз.

1. Ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері

1  Қазығұрт тау кешені (Қазығұрт тауы, Ақбура әулие, Ғайып Ерен Қырық Шілтен)
2  Жылаған ата бұлағы мен үңгірі
3  Ақмешіт үңгірі

2. Археологиялық ескерткіштер және орта ғасырлық қалалық орталықтар

4  Отырар қалашығы
5  Ясcы (Күлтөбе, Түркістан) қалашығы
6  Сайрам қалашығы
7  Сауран қалашығы
8  Созақ қалашығы

3. Діни және ғибадат орындары болып табылатын орындар

9  Үкаш ата кесенесі
10 Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесі
11 Ибраһим ата кесенесі
12 Қарашаш ана кесенесі
13 Гауһар ана кесенесі
14 Бәйдібек би кесенесі
15 Домалақ ана кесенесі
16 Исмайл ата сәулет кешені
17 Аппақ Ишан мешіті
18 «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени кешені (Қ.А.Ясауи кесенесі,Салқам Жәңгір хан, Тәуке хан, Абылай хан, Шақшақ Жәнібек, Қаз Дауысты Қазыбек би, Қанжығалы Бөгенбай, Жауғаш батыр және басқада ұлы тұлғалардың жерленген жері)
19 Арыстан баб кесенесі
20 Қарабура кесенесі

4. Тарихи тұлғаларға қатысты қасиетті орындар

21 Есім хан кесенесі
22 Хақназар хан кесенесі

5. Саяси, тарихи оқиғаларға байланысты қасиетті орындар

23 Таңбалы тас ескерткіші
24 Бірлік — Ордабасы мемориалды кешені